Жаңартылған білім негізі – оқу іс-әрекетін белсендіру құралы

Авторлар

  • Yerkhozhina Sh.L., . Сулейман Демирел атындағы университеті, Қазақстан, Алматы қ

Аңдатпа

Мақалада қазіргі білім берудің мазмұны туралы сөз болады. Жаңартылған білім мазмұнына
негізделген оқулықтардың сипаты және авторлары туралы, олардың құрастырған оқулықтарының
артықшылықтары қарастырылып талданды. Оқулықтардың оқылым, тыңдалым, айтылым,
жазылым әрекеттері арқылы білімгерді жан-жақты дамыту мақсатында, пәннің ғылымилық,
жүйелілік, бірізділік, саналылық, көрнекілік, т.б. білім берудің негізгі ұстанымдары басшылыққа
алынғаны туралы талдаулар жасалды. Оқылым, тыңдалым мәтіндерін талдау сұрақтары
проблемалық тұрғыдан келеді. Оқулықтың оқу материалдары ғылыми және әлеуметтік
мәселелер төңірегінде топтастырылғаны және оларды шешудің әртүрлі теориялық әдістері
ұсынылуына өзіндік сараптама жасалды. Проблемалық міндеттер мен сұрақтардың оқушылардың
жас ерекшеліктеріне қарай берілуі, мәтінге кіріспес бұрын ойтүрткі сұрақтарының берілуін
оқушылардың танымдық қабілетін арттыратын, шығармашылыққа бағыттайтын, оқушыны сабақ
үдерісінде белсенділікке апаратыны туралы тұжырым жасалды.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-03

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі