Тіл үйренушілердің дағдысы мен білігін қалыптастырудағы газет-журнал материалдарының ерекшеліктері
Аңдатпа
Мақалада газет және журнал бетінде жарияланатын мақалалар, хабарламалар, сұхбаттар мен
тілші шолуларын сабақ үрдісінде ұтымды қолдану және теледидар хабарлары мен газет-журнал
материалдарын тіл үйрету сабағында қолданудың тиімді нәтижесі туралы жазылған. Авторлар
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оқу үрдісінде тіл үйренушілердің қызығушылығын арттыру,
сөйлеу дағдысы мен білігін қалыптастыру мәселесін баяндайды. Сондай-ақ оқу үрдісіндегі
базалық деңгей талаптарына сәйкес саяси-қоғамдық, тұрмыстық-мәдени аяда жылдам қарымқатынасқа түсуге үйрететін тиімді әдіс-тәсілдер сипатталады.








