Физика-техникалық факультетінде «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәнін оқыту
Аңдатпа
Бұл мақалада физика-техникалық факультетінің студенттері үшін ағылшын тілі сабақтарында
қолдануға болатын кәсіби лексиканы кеңейтуге және бекітуге бағытталған тапсырмалар үлгілері
берілген. Ағылшын тілі сабақтарында әр түрлі тапсырмаларды қолдану техникалық әдебиетті оқу
және аудару дағдыларын дамытуға, кәсіби лексика арқылы сөздік қорын кеңейтуге, ғылыми тілде
сөйлеуді қабылдау дағдыларын жетілдіруге, диалогтық және монологтық сөйлеуді дамытуға
мүмкіндік береді. Қазақстанның жоғары оқу орындары шешетін маңызды мәселелердің бірі
Халықаралық еңбек нарығында шетелдік әріптестермен бәсекелестікке төтеп бере алатын кәсіби
мамандарды даярлау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін ЖОО-ның түлектері ағылшын
тілін тиісті деңгейде меңгеруі тиіс. Физика-техникалық факультетінде «Кәсіби бағытталған шет
тілі» пәнін оқыту және ағылшын тілі сабақтарында түрлі тапсырмаларды қолдану студенттерге
өз ісінің білікті, сұранысқа ие мамандары болуға мүмкіндік береді. Физика-техникалық
мамандықтар студенттеріне ағылшын тілін оқыту әдістемесі дәл осы бағытта, тіл және кәсіби
саланы біріктіруде әзірленеді








