Қазіргі Корей прозасындағы бөлінген ұлт тақырыбы және көркем аударма мәселесі
Аңдатпа
Бөлінген ұлт тақырыбы 50-ші жылдардан кейінгі Корей прозасындағы негізгі тақырыптардың
бірі. Ұлттың идеологиялық принцип бойынша бөлінуі біртұтас ұлттық әдебиеттің де екіге
жарылуына әкеліп соқтырды. Әр елдің әдебиетінде өзіндік ерекшеліктің болуы заңдылық, ал
Корей әдебиеті халықтың екі мемлекетке бөлінуіне байланысты өздеріне ғана тән ерекше сипатқа
ие болып отыр. Корея бүгінгі тарихи даму кезеңінде әлі күнге дейін Оңтүстік және Солтүстік
болып екіге жарылып отыр. Қоғамда бір-бірінен ажырап қалған отбасылар мәселесі, соғыс
кезінде Оңтүстікте болып, отанына жете алмай қалған адамдар тағдыры (Адам тағдыры), туған
жерінде жан тапсыруды армандаған жандардың жан айқайлары (Кезбелер жолда демалмайды)
қазіргі корей шығармаларындағы негізгі тақырыптар болып саналады.
Оңтүстік Корея көркем әдебиеті жалпылай алғанда да, поэзия, проза, драматургия сияқты
жекелеген жанрлар бойынша да шетелдік оқырмандарға көп таныс емес. Соңғы жылдары ресейлік
корейтанушылардың күш салуымен орыс тіліне бірқатар өлеңдер антологиясы, новеллалар, мен
әңгімелер, пьесалар аударылып, басылып шықты. Бірақ орыс тіліне аударылу барысында бірқатар
қиындықтар да болды. Ол жағы осы мақалада жан-жақты қарастырылған.








