Ф. Кафкидің шағын прозалары мен романдарындағы магиялық реализмнің белгілері
Аңдатпа
ХХ ғасырдың екінші жартысында Латын Америкасының әдебиеті «магиялық реализмді» көркем әдебиеттің жетекші әдісіне айналдырды. Магиялық реализмнің басты ерекшеліктері фантастикалық элементтердің түсіндірілмеуі, кейіпкерлердің магиялық элементтерді қабылдап оның қисындылығына қарсы шықпауы, символдар мен образдар, уақыт ағымының бұрмалануы
т.б. жиі қолданылады. Кафканың прозасы сюрреалистік және қисынсыз элементтерді біріктіре
отырып, магиялық реализмнің нағыз көрнекі үлгісін бере алды. Мистикалық әзірейлінің
образындағы қарапайымдылық, жоғары дәрежедегі әпенділік әдісі – осылардың барлығы Кафка
шығармашылығының ерекшелігі болып табылады. Оның әпенде кейіпкері трагикалық және
жантебірентерлік құлшынысымен адамдар әлеміне жол тапқысы келеді, алайда ол өз ажалын
кедейшілікпен, жаралы күймен қарсы алады. Кафканың шығармаларында бар шындықтың
тереңірек шындыққа айналуы және осы шындықтың магиялық реализмнің эстетикасымен
байланысты ешқандай таңдану туғызбай-ақ қабылдануы басым.








