Қазақстан фольклорындағы және әдебиетіндегі анималистік дәстүрлер туралы мәселелер
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан фольклорындағы және әдебиетіндегі анималистік дәстүрлер туралы мәселелер қарастырылады. Ежелгі мифологиялық дәстүрлерді қамтитын жылқы, түйе, қасқыр, ит бейнелері кездесетін тұрақты бейнелік-мотивтік кешен анықталады. Анималистік бейнелердің көрмесі М. Әуезов, С. Санбаев, М. Мағауин, О. Бөкей шығармаларының негізінде қарастырылады, эпитеттердің, салыстырулардың ұқсастықтары анықталып, философиялық мазмұны ашылады. Аталған жануарлар бейнелері маңызды тақырыптықэстетикалық функцияға ие, олардың ішінде сипаттамалық және психологиялық функциялары. Қазақстан әдебиетіндегі жануарлар иерархиясының басында тұлпар бейнесі тұрады. Бұл ежелгі мифологиялық дәстүрлерге байланысты. С. Санбаевтың «Белая аруана» шығармасындағы түйе бейнесі жаңа мағынаға, көпмағыналы бейнеге айналады, дәсүрлерге беріктікті сипаттайды. М. Әуезов пен М. Мағауин шығармаларындағы итке тән адалдық пен беріктік адам бойындағы сатқындық пен қатыгездікке қарама-қайшы келеді. О. Бөкей прозасында жануарлардың қимыл, іс-әрекетінің ерекшеліктері, олардың тұратын мекені максималды шынайылықпен суреттеледі.








