А.С. Пушкин поэзиясындағы құран мотивтері

Авторлар

  • Zhapparkulova K.N. . әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан,

Аңдатпа

Ұсынылып отырған мақалада А.С. Пушкин поэзиясындағы Құран сюжеттері мен мотивтердің талдау ерекшеліктері қарастырылған. Мысалы, «Подражания Корану» өлеңіндегі құран шарттарын талдау. Шығыстың, соның ішінде ислами көзқарастың Пушкин шығармашылығына тигізген ықпалы жайлы мәселе сонау ХХ басында ғалымдар назарына іліге бастады, алайда тек ұлы орыс ақынының поэзиясына ғана емес, сонымен бірге келешек орыс әдебиеті мен мәдениетіне зор ықпалын тигізген ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы орыс әдебиеті мен шығыс мәдениеті арасындағы өзара байланыс жөніндегі кейбір мәселелер күні бүгінге дейін түбегейлі шешімін таба алмай келеді. Мақала А.С. Пушкин шығармасындағы Мұхаммед пайғамбардың образын талдауға арналады. Аталмыш образды қабылдау ерекшелігі мен оның көрініс табу ерекшелігі қарастырылады, оның талдау механизмдері мен онымен байланысты мағыналар жинағы анықталады. Талдамада негізгі образдар тек діни тұрғыдан емес, сонымен қатар мәдени және философиялық тұрғыдан қарастырады.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-10