Түрлі тілдік жүйелердегі жұп сөздердің қолданылуы
Аңдатпа
Мақалада түрлі тілдік жүйелердегі жұп сөздердің ғылыми көзқарастары мен классификациясы қарастырылады. Жұмыстың мақсаты жұптық сөздерді, олардың құрылымдық ерекшеліктерін, жасалуын, қолданылуын және көптеген басқа да мәселелерді кешенді зерттеу болып табылады.Сондай-ақ, белгісіз көптік және жекешелік категориясын семантикалы, коммуникативті мәртебесін анықтау мақсатында тілдік жүйені зерттеу; белгісіз көптік және жекешелік категориясын ішкі құрылымдық ерекшеліктерін талдау және сандық категориясының субкатегориясына топтау; белгісіз көптік және жекешелік категориясының қазақ, неміс және ағылшын тілдерінде фразеологиялық cөз тіркестері арқылы берілуін талдау және әдеби шығармаларда қолданылуын қарастыру.
Қарастырылған жұмыс тұжырымдаманың зерттелуінің негізгі бағыттарын, идеяларын және ұғымдарын одан әрі анықтауға мүмкіндік береді.








