Қазақ халқының бейвербалды тілдесім моделінің ерекшеліктері
Аңдатпа
Мақалада қазақ халқының бейвербалды тілдесім моделінің компоненттері қарастырылады. Мақала авторы қазақ халқының бейвербалды тілдесім моделін жасақтап, оның басты ерекшелігі ретінде лакунды компонентін анықтады. Бұл лакунды компоненттің құрамына тек қана қазақ халқына тән мінез-құлықтың этикетті нормалары, тыйым салынған ым-ишараттар, нақты ым-ишараттар жатқызылды. Қазақ және орыс тілінің бейвербалды амалдар сөздіктеріне енген ым-ишараттарды зерттеу нәтижесінде «халықаралық» бейвербалды амалдар тілі болуы мүмкін емес, бұл амалдар әрдайым ұлттық ерекшеліктерімен танылады. Мақалада тек қазақ тіліне тән бірнеше бейвербалды амалдар қарастырылған. Тыйым салынған ым-ишараттарды зерттеу барысында олардың балама алмасу нұсқаларының жоқтығы анықталды.








