В. Ирвингтің «Испандық кезеңі» прозасындағы романтизм ерекшеліктері
Аңдатпа
Мақалада ХІХ ғасырдың америкалық жазушысы Ирвинг шығармаларындағы романтикалық ерекшеліктері қарастырылады. Ирвинг шығармалары әлем әдебиетінің романтизм үрдісін халық фольклорының жанр, мазмұн, бейнелік деңгейінде қамтиды. Ирвинг шығармаларында америкалық және еуропалық әдебиеттанудағы үлкен қызығушылыққа қарамастан, оның жұмысының көптеген аспектілері, ғылыми-зерттеу назарынан тыс қалған, атап айтқанда халық дәстүрлері көп зерттелмеген. Ирвингтің көркем шығармаларында фольклорлық және әдеби эстетика, поэтика және стиль нағыз шебер тілмен жазылған. Оның шығармаларының «испандық кезеңінде» («Гранада бағындыру», «Колумб серіктері»), сондай-ақ, әсіресе, «Альгамбра» әңгімелер жинағында гот дәстүріне толық қарама-қарсылық байқалады. Бұл әңгімелер жинағының негізгі сюжеттік желісі – ертегілер мен Испанияның ескі аңыздармен байланысты, Альгамбра және оның тарихының сипаттамасы.








