Тұлғаның тарихтағы орны және оның көркемдік тұрғыдан жаңғыруы
Аңдатпа
Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» роман-дилогиясы тұлға тарих субъектісі ретінде қарала отырып, өмірдің өздігінен даму тәсілі және адамдардың өзіне, айналадағы адамдарға, халыққа деген қарым-қатынасы тұлғаның өзі кіретін тарихқа қатынасын айғақтайды. Тарихтағы тұлғаның рөлі, оның тарихи тұлға ретінде қалыптасу қағидалары, іс-әрекеттері, бет-бейнесі және оның /тұлғаның/ қайта жаңғыруы автордың өзіндік концепциясымен тығыз байланысты. Жазушы М. Мағауин тұлғаны тарихи әрекеттің субъектісі ретінде бейнелеу кезінде тарихи шындыққа қайшы келмейтін көркемдік шындықты шебер пайдалана білген, тарихта бұрыннан белгілі шындықтар көркем өнер заңдылықтарына сәйкес қайта түрленіп шыққан. Жазушы алдына өмірлік жағдайлар қаһарманның тығырыққа толы өміріне араласа отырып, тарихи тұлға сипатын көркемдік тұрғыдан бейнелеу секілді күрделі міндет қоя білген. Жазушының осы әрекеті адамның ішкі әлеміне ену мүмкіндігіне ие бола отырып, ғалым-тарихшыдан ерекшелейді.








