Герольд Бельгер шығармашылығындағы автобиографизм
Аңдатпа
Мақалада көркем автобиография жанрының ерекшеліктері қазақстандық жазушы Герольд Бельгердің «Дом скитальца» романының негізінде зерттеледі. Автобиографиялық көркем прозаның негізгі қасиеттері сюжет, композициялық құрылым, хронотоп, шығармадағы образдар жүйесі арқылы аңғарылады. Мақала авторының ойынша, документальдылық пен көркемдік элементтерінің өзара арақатынасы жазушының өзіндік стилі мен шығармашылығының өзіндік қырларын анықтауға септігін тигізеді. Мақалада көркем автобиография әдебиеттің ерекше бір жанры ретінде қарастырылады. Автордың ойынша, мұндай жанрларға жазушының өміріндегі документалдық фактілерге негізделген көркем образдарға айналған, көркем бейнелеудің субъектісі ғана емес, объектісіне айналып үлгерген шығармаларды жатқызуға болады. Автобиографиялық мәтіннің документалдық және көркемдік деңгейі шығармадағы әдеби образдың автордың шынайы бейнесінен қаншалықты алшақ тұруымен анықталады.








