Жан Дени түрік тілінің фонетикасы туралы
Аңдатпа
Мақалада француз тілші-ғалымы Жан Денидің ғылыми зерттеулеріндегі түрік тілінің фонетикалық сипаты жан-жақты талданады. Қайсыбір тілдің фонетикасын алсақ та, ол басқа бір тілдің фонетикасымен дәлме-дәл келеді, ұқсасады немесе айырмашылық пайда болады, айналып келгенде, дыбыстардың кешені ретінде белгілі бір мақсатқа қызмет етеді. Тілдің ішкі құрылымдық жүйесі әр тілшінің лингвистикалық білімі негізінде түзіледі. Тілдің фонетикасы әсіресе осы сабақтастықтың себебінен ерекшеленіп тұрады. Көп жағдайда тілді үйрену фонетикадан басталады, одан кейін тілдік жүйенің қиын деңгейлерін игере бастайды. Жан Дени түрік және француз тілдеріндегі «а» «о» «ө», «ү» дыбыс тарының өзара ұқсастықтарын анықтайды. Мақалада сондайақ түрік тіліне енген француз, араб, парсы кірме сөздері туралы да әңгімеленеді, олардың түрік тілі грамматикасының қарауына түскенде қалай игерілгендігін арнайы сөз етіп отырады. XVII-XVIII ғасырларда бұл тілге итальян тілінен де көптеген сөздер енді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ағылшын тілінен кірме сөздер ену үдерісі де күшейген








