Өмір мен өлімдегі «шыңырау»

Авторлар

  • Veliyeva S.M . Азербайжан Ұлттық ғылым Академиясы, Низами атындағы Әдебиет институты

Аңдатпа

Мақала Азербайжанның ХХ ғасырдағы ұлы ақыны Гусеин Джавидтің шығармашылығын зерттеуге арналған. Г. Джавидтің шығармашылығында «шыңырау» сөзі тектен-текке аталмайды. Драматург-ақынның шығармашылығында өмір мен ожданда орын алған құлдыраулар жанжақты суреттеледі. Г. Джавидтің «Шыңырау» пьесасы осының өте нақты үлгісі болып табылады. Пьесадағы моральдық тазалық жолында күресіп жүрген кейіпкерлер Шығыс пен Батыстың бір-біріне деген қарама-қарсылығын шын мәнінде бейнелеп бере алады. Жұрттың бәріне белгілі, Г. Джавидтің шығармашылығындағы «шыңырау» ұғымы шындық өмірдегі орынды ғана көрсетіп қоймайды, сонымен бірге ол ғылыми ізденістердің, үйрену үрдісінің, мәдени дамудың шексіздігінен пайда болатын рухани кеңістікті де мегзейді. Сөз шебері шын өмірдегі қақтығыстарды, рухани келеңсіздіктерді шыңырауға ұқсатады, оны түбі көрінбейтін, тереңдеген сайын тереңдей түсетін құрдым деп атайды. Автор Г. Джавидтің шығармашылығын ұлттықтүркілік, бүкіл адамзаттық құндылықтарды бағалауда және насихаттауда бұдан мың жыл кейін де өзектілігін жоймайтын туындылар деп бағалайды. Мақалада барлық проблемалар «Шыңырау» драмасының кең көлемдегі материалдары негізінде талданған.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-13