Әдебиет оқулықтарын қалыптастырудағы М. Әуезов тағылымы
Аңдатпа
Мақалада Әдебиет оқулығын жасау, оның тарихын зерттеу мәселелері жан-жақты сөз болады. Әр дәуір талабына сай жоғары мектеп оқулықтарын қалыптастырудағы академик М. Әуезов тәжірибелері салаланып, сараланады. Оқулық жазуды Ленинград университетінде оқып жүрген кезінде қолға алған М. Әуезовтің бұл бағытта өзіндік дәстүр, тағылым қалыптастырғандығы нақты мысалдар негізінде талданып көрсетіледі. М. Әуезовтің әдебиет тарихына байланысты өз бетінше жүргізген зерттеулерін, жинаған деректері мен материалдарын түрлі оқу орындарында дәріс оқуы барысында сараптап, бір жүйеге келтіріп, «Әдебиет тарихы» атты оқулығын жазу тәжірибесі әдістемелік тұрғыдан талданған. М. Әуезовтің оқулық жазудағы, қазақ әдебиетінің тарихын дәуірге бөлудегі, жанрлық жіктерін жүйелеудегі ой-түйіндерінің ғылыми мәні мен маңызы тұжырымдалған. Ғалымның орыс әдебиеті тарихының зерттелу дәстүрінен үйрену тәжірибесіне ерекше назар аударылған. М. Әуезовтің әдебиет тарихының жеке пән ретіндегі ғылымдық сипатын ашудағы, оның зерттеу нысанын нақтылай білудегі, оқулық жазудың өзекті мәселелері танудағы жаңашыл ойпікірлерді басшылыққа алуы жүйеленген.








