И. Одеговтің «Пуруша» атты әңгімесіндегі Нарцисс мифологемасы және жаратылыс бастауларының сарыны

Авторлар

  • Safronova L.V. Zhanysbekova E.T. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Аңдатпа

Мақалада И. Одеговтің «Пуруша» атты әңгімесіндегі басты кейіпкердің образы – нарцисстік акцентуацияның айқын көрінісі – мінез-құлық ауытқушылығы (сегіз жасар бала өзін дүниенің бір бөлігі, яғни, индуистік құдайдың рухы деп сезінеді) әдебиеттану саласындағы психоаналитикалық ұстаным тұрғысында талданған. Кейіпкердің өзін құдайға, көбінесе, Христосқа (=мегаломания) теңдестіруі, әсіресе өз тұлға-кейпіне, өзіне көңілі толмаушылық тән болса, бұның өзі ақырында оның – бүкіл бітіміме, өн бойыма ұлы тұлғалар, құдайлардың кейпі, қасиеті қонды деген сезімелес сандырақпен өмір кешуіне әкеледі, нарциссизмнің бұдан кейінгі сатысы мегаломания (өзін ұлық сезіну). Тұлғаның өзін ұлық сезінуі сынды сюжет И. Одеговтің мегаломаниялық сарында жазылған шығармасының желісі жаратылыспен немесе ұлы тұлғалармен теңдестірген тосын бітімі жаратылыстың пайда болуының көрінісі, ал ұлықтың алып денесі – бүкіл әлем, яғни жаратылыстың түп-тамыры Ұлықтың құдіреті дегенге саяды.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-13