Қазақтың ауызша мәтіндері И.П. Щеголихиннің орыс прозасындағы интертекст ретінде
Аңдатпа
Мақалада көркем мәтінді мәдениет феномені ретінде зерттеу мәселесі қарастырылған. Автор Қазақстанда туып, өскен орыс тілді жазушының қазіргі тілдік тұлғасын сараптауға аса назар аударады. Мақалада автор қазіргі әдебиетте кеңінен тараған «интертекст», «интертекстуалдық» және «диалогиялық» туралы ақпарат береді. Автор Қазақстанның орыс жазушысы Иван Щеголихиннің шығармаларындағы интертекстуалды элементтерді анықтауға бағытталып, алдынығы қатардағы функционалды компоненттерді қарастырады. Автордың ойынша, әр функционалды компонентті қарастыру әр түрлі жанрдағы әдеби мәтіндердің жанрлық-стилдік өзгешелігін интерпретациялауда өзекті болып табылады. Автор шығармаларының философиялық толғауларға, кейіпкерлер мен персонаждардың психологиялық зерттеулеріне толы әр түрлі жанрлары қарастырылады және басқа мәтіндерден енген тікелей цитата немеме реминисценция ретіндегі көптен қосындылары бар. Автор Иван Щеголихиннің қазақ аңыздарының ауызша мәтіндері енген қосындылары бар шығармаларын зерттейді. Суреттеліп отырған И.П. Щеголихин прозасының беттеріндегі тілдік және мәтіндік тұрғыдағы қосындылар мәдениетаралық қарым-қатынастағы қосындылар авторлық стратегияның ерекшелігі болып табылады. Сонымен қатар, мақалада айтылып отырған мәселелерді растайтын және көрнекі құралдар мен сандық мәліметтер, мысалдар келтірілген.








