Қазақ тіліндегі -ман/-мен жұрнағының этимологиясы және оның герман тобы тілдеріндегі -man (-mann) жұрнағына қатысы

Авторлар

  • Bizhkenova A.E. Sultanbekova S.A. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Аңдатпа

Бұл мақала қазақ тілі сөзжасамындағы -ман / -мен жұрнағының этимологиясын және оның ҮндіЕуропа тілдеріндегі -man (-mann) жұрнағына қатысын қарастырады. Мақаланың өзектілігі қазақ тілінде осы жұрнақтың көмегімен адамның белгілі бір іс-әрекетін білдіретін неологизмдердің санының өсуіне байланысты. Мақаланың мақсаты қазақ тіліндегі -ман / -мен жұрнағымен, ағылшын тіліндегі -man және неміс тіліндегі –mann жұрнағына этимологиялық талдау жасау және осы жұрнақтар арасындағы болуы мүмкін этимологиялық және семантикалық байланыстарын анықтау болып табылады. Талдау нәтижелері қазақ, ағылшын және неміс тілдері сияқты түрлі құрылымдық тілдердегі осы сөзжасам морфемаларының тарихи тұрғыдан түбі бір тілдік семьяға жататын болғандықтан генетикалық тұрғыдан бір-біріне қатысы бар болуы мүмкіндігін көрсетіп отыр. 

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-13