Н.Ә. Назарбаевтың ұлықтау сөзіндегі лексикалық ерекшеліктер

Авторлар

  • Abdiman Zh.O. . Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Тәуелсіз Қазақстанның саяси дискурсын, оның ішінде, Президенттің ұлықтау сөздерін зерттеу қазіргі отандық саяси лингвистиканың ең маңызды мәселелерінің бірі. Мақалада саяси дискурс ұғым анықталып, ұлықтау сөзінің феномені жалпы саяси дискурстың жеке жанр ретінде қарастырылады. Мақалада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұлықтау сөздеріне жасалған компоненттік талдау нәтижелері баяндалған. Зерттеудің негізгі мақсаты болып Қазақстан Республикасы Президентінің ұлықтау дискурсіндегі лексикалық ерекшеліктер мен жанрлық қатыстықтың лексика және стилистикалық тәсілдердің таңдалуына әсер ету дәрежесін айқындау белгіленген. 

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-13