Қазақ, орыс және ағылшын лингвомәдениетінде «қонақжайлылық» концептісін жүзеге асырудың ұлттық мәдени ерекшелігі

Авторлар

  • Zhabayeva S.S. . А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қазақстан, Қостанай

Аңдатпа

Бұл мақала қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «қонақжайлылық» концептісін жүзеге асыру ерекшеліктерін когнитивтік семантика және осы мәдениеттер әлемінің тілдік суреті тұрғысынан қарастыруға арналған. Мақалада әлемді көру, ұлттық менталитет және этникалық сана ерекшеліктерін интерпретациялауға мүмкіндік беретін концептіні түрлі лексикалық деңгейлерде репрезентациялаудың салыстырмалы талдауы берілген. Зерттеудің негізгі әдістері: семантикалық талдау әдісі, фразеологиялық және түсіндірме сөздіктерден, тезаурустан, мақал-мәтел сөздіктерінен жаппай теру әдісі. Зерттеу нәтижелері «қонақжайлылықтың» концептуалдық кеңістігінің экспликациясын салыстырмалы аспектіде когнитивтік модельдер құрылымында көрсетуге мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-13