Қазіргі заманғы ағылшын тіліндегі кіріккен сөздер

Авторлар

  • Orazbekova I.G. Muldagalyieva A.A. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі заманғы ағылшын тілінде көп қолданылатын кіріккен сөздер лексикалық бірлік құраудың әдісі ретінде қарастырылады. Аталған әдістің көмегімен жаңа кіріккен сөздердің таң қалдырарлық динамикамен құралғанымен, бірақ сөздіктерге кеш және сақтылықпен енгізіліп жатыр. Кірігу арқылы жасалған көптеген сөздер ағылшын тілінің сөздік қорына бекем еніп кетті. Кіріккен сөздердің саны жыл сайын артып келеді. Бұл кірігудің өзіндік нәтижелі сөзжасаушы тип ретінде күш алып келе жатқындығын дәлелдейді. Бүгінгі күні кіріккен сөздердің саны өте көп. Олар ғылым, техника, саясат, әлеуметтік құбылыстар, ғарыштық зерттеулер, көлік, авиация, тұрмыс, экономика және қаржы, спорт, тіл және лингвистика, білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және т.б. салалардың әртүрлі түсініктерін білдіреді. Өзінің ерекшелігі мен бейнелілігінің арқасында олар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен қолданылады.

Жарияланды

2018-12-13