Дұрыс айту – студенттердің қатысымға бағытталған ауызша сөйлеу дағдыларын дамытудағы негіз ретінде
Аңдатпа
Мақалада студенттердің ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту, сонымен қатар дұрыс айтумен тығыз байланысты шет тілдерді оқытудың практикалық маңыздылығы сөз болады. Сабақ кезінде қатысымға бағытталған ауызша сөйлеу дағдыларын дамытудағы жұмыстар алға қойылған мақсат талаптарына сай болатындығы, осы сабақтардың тиімділігі туралы айтылады. Сондықтан ағылшын тілінің оқытушылары сабақ уақытысында тілдік жағдай орната білу керек. Студенттерде қызығушылық тудырып, сабақ кезінде және сабақтан тыс уақытта да олармен ағылшын тілінде сөйлесу керек. Оқытушының студентпен оқытудың алғашқы күндерінен-ақ ағылшын тілінде сөйлесуінің олардағы қатысымға бағытталған ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға оңтайлы әсері бар.








