Ата жұрт – «Мәңгілік Ел» идеясының берік тұғыры
Аңдатпа
Мақалада қазақ әдебиетінің тарихының ХІХ ғасырдың аяғы менХХ ғасыр басындағы зар заман ақындары деп аталатын әдеби ағымның
көрнекті өкілі Мұрат Мөңкеұлының шығармашылығындағы ұлттық идея
мен Мәңгілік Ел ұғымының көркемдік көрініс табуы қарастырылған.
Мұнда дәстүр сабақтастығы, ұлттық идеяны жырлаудың «Мәңгілік
Ел» идеясымен ұштасу жолдары терең пайымдалады. Ұлттық идея мен
«Мәңгілік Ел» идеясын ортақтастыратын басты желі де назардан тыс
қалмаған. Мұрат ақынның өлең-толғаулары, «Үш қиян», «Сарыарқа»,
«Қарасай Қази» толғау поэмалары, айтыстары сынды шығармашылық
болмысындағы ата мекенге деген сүйіспеншілік танымдардың
болмысы ашылып, мәңгілік елдік арманға айналған елдің азаттыққа
ұмтылған рух болмысының көркем бейнеленуінің мәні ашылады.
Мұрат Мөңкеұлы поэзиясындағы ұлттық идеяны жырлау үрдісі
оның өзіндік ерекшелігі сарапталып, зар заман ақындарымен
салыстырмалы түрде талданады. Асанқайғы, Қазтуған, Доспанбет,
Ақтанберді жыраулар шығармашылығындағы күрескерлік рухты
жырлау дәстүрін жалғастырған Мұрат ақын жырларындағы ұлттық
идеяның көрінісі оның мәңгілік ел идеясымен астасу үдерісі мақалада
толыққанды сарапталған.
Жүктеулер
Жарияланды
2018-12-17
Журналдың саны
Бөлім
Әдебиеттану
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Ата жұрт – «Мәңгілік Ел» идеясының берік тұғыры. (2018). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 164(6), 4-13. https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2554








