Уәли хан хаттарының тілдік сипаты

Авторлар

  • Abdilashimyly D, Noda D Токио Мемлекеттік Шет тілдер университеті, Жапония, Токио қ

Аңдатпа

Мақалада қазақ ханы Уәлидің жасаған дәуірі, саяси өмірі, дипломатиялық қатынасы
туралы сөз болады, 1780 жылдары Ресейдің жергілікті әкімшілігіне жазған хаттары деректану,
лингвистика тұрғысынан сарапталады. Хаттың ескі жазба тілдегі аударма нұсқасы мен оған
қатысты жазылған манжуша, қытайша мәлімдемелерге тарихи деректемелік сараптама жасау
арқылы тарихи астары, тілдік ерекшелігі көрсетіледі. Қазақтың хан, сұлтандарына қатысты
жазылған тарихи кітаптар, ескі қазақ жазба тіліндегі мұрағат құжаттары мен дереккөздер
негізінде мәтіндер лингвопрагматикалық тұрғыдан талданады. Тарихи мәтіндер ұлттық
мәдениеттің бөлігі, жекелеген тарихи тұлғалардың өмірінен дерек беретін ақпарат көзі ретінде
сипатталады. Хаттардың түпнұсқасы сол тұстағы орысша аудармасымен салыстырылып, онда
кеткен кейбір ағаттықтар көрсетіледі. Одан да маңыздысы алғаш рет хаттардың түпнұсқасы
латын графикасымен транскрипцияланып, қазіргі қазақ тіліне аударылады

Жүктеулер

Жарияланды

2019-04-29

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі