Күрделі сөз тіркестерінің құрылымдық түрлері

Авторлар

  • Ashirova А.Т Satkenova Zh.B Ismet Biner әл­Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

Аңдатпа

Мақала қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестерінің құрылымдық түрлерін, ерекшеліктерін,
мазмұнын талдауға арналған. Автор мақалада сөз тіркестері, соның ішінде күрделі сөз тіркестері
туралы жазылған еңбектерді, тұжырым­пікірлерді талдай келе, күрделі сөз тіркестерінің
құрылымдық түрлерін олардың тіл біліміндегі құралу заңдылығына қарай бірнеше топқа
топтастырады. Осы мақсаттың негізінде бірқатар авторлардың еңбектері басшылыққа алынып,
талданған, салыстырылған. Солардың ішінде ең басты материал ретінде Т. Сайрамбаевтың
«Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері» еңбегіндегі сөз тіркестерінің ерекшеліктері,
топтамасы қарастырылып, талданады.
Тіл ғылымындағы күрделі сөз тіркестерінің атауына салыстырмалы талдау жасалып, мақала
барысында олардың күрделі сөздерден айырмашылығына назар аударылады. Сонымен қатар,
сөз тіркестерінің байланысу формалары арқылы сөз таптарының морфологиялық өзгерістері,
олардың байланысу тәсілдері арқылы әрбір сөз табының мағынасына көңіл бөлінеді. Күрделі
сөз тіркестерінің құралуында сөз таптарының басты элемент екендігі айтылып, сөз тіркестерінің
түрлерін ажырату мәселесіне ерекше назар аударылады. Сөз тіркестерінің әрбір сыңары арқылы
жеке сөз табын, оның морфологиялық өзгерісін, құрылымдық жүйесін, тіркесу қабілетін

дербес мағынасы бар сөз бен дербес мағынасы жоқ сөздің ролін айқындауға дейінгі күрделі
мәселелерге мақала барысында ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар, күрделі сөз тіркесінің
әрбір сыңарының күрделі сөз, қос сөз, біріккен сөздерден айырмашылығы да айқындалады.

Жарияланды

2019-04-29

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі