«Һибат-ул хақайиқ» тілі лексикасының қазақ тілі лексикасынан фонетикалық, морфологиялық, семантикалық айырмашылықтары
Аңдатпа
Мақалада, Ахмед Йүгінекидің «Һибатул хақайиқ» (ХІІ ғ.) ескерткіші тілі мен қазіргі қазақ
тіліндегі барлық сөздердің баламаларын өзара салыстырғанда олардың едәуір бөлігінде
айнақатесіз ұқсастық болса, үлкен бөлігінде фонетикалық, морфологиялық, семантикалық
айырмашылықтар бар екендігін анықтадық.
Сол дәуірде өмір сүрген Қарахан мемлекеті, олардың халқының этникалық құрамы әр түрлі
болғандықтан, қарлұқ, чығыл, арғу, яғма тайпаларының тілдік ерекшеліктері шығармада көрініс
тапқандығы айқындалды.








