Орыс және қытай лингвомәдениетіндегі сыпайылық түрлері: лингвопрагматикалық аспект
Аңдатпа
Мақалада орыс және қытай мәдениетінде сыпайылықты танытуды тіл материалында іске
асырудың мәдениетаралық коммуникация мәселелері қарастырылған. Сыпайылық (әдептілік)
адам өркениетінің символы және адамның қоғамдық әрекетіндегі ең маңызды белгісі болып
табылады. Сыпайылықтың негізгі түрлерінің бірі кешірім. Біз ақиқат өмірде тұрамыз, осы өмірде
күнделікті түрлі жағдайлар мен қиындықтарды кездестіреміз. Кез келген кісі түрлі жағдайларда
айналасындағылардың алдында кешірім сұрауға тура келіп тұрады. Әдетте кешірім сұрау тіл
арқылы жүзеге асырылады. Тілдесімнің негізгі құралы және қоғамдық құбылыс ретінде тіл
адам өміртіршілігінің негізгі құралы. Сонымен бұл барлық тілдерге және барлық мәдениетке
қатысты. Мәдениетаралық екіжақтық байланыс коммуникациядағы кешірім сұрауда тілдік
этикеттің (әдептің) формуласы қолданылады және де әр елдің кешірім сұрауының өз қағидалары
мен тәсілдері болады. Осы мақалада орыс және қытай лингвомәдениетінде кешірім сұраудың
тілдесімдік түрлерінің ерекшеліктері зерделенген, кешірім сұраудың ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын табу үшін екі тілде салыстырмалы талдау жасалынған.








