Қазақ әліпбиі мен емле-ережелерін жетілдіре түсу қажет

Авторлар

  • Molgazhdarov K.K, Baimukanova R.Zh Тараз инновациялық­гуманитарлық университеті, Қазақстан, Тараз қ.

Аңдатпа

Мақалада қазақ тілін латын графикасына көшіру мақсатында жасалынған Қазақ тілі
емлесінің негізгі ережелерінің қалыптасу барысында ескеретін мәселелер және соңғы бекітілген
латын негізді Қазақ әліпбиіне қатысты ұсыныс­пікірлер беріледі. Жалпы зерттеу барысында
бекітілген әліпбидің кейбір әріптері әлемдік деңгейде алып қарағанда жазуда тиімсіз және жазу
мәдениетімізге қолайсыз екендігі анықталып, олардың орнына халықаралық сипаттағы әріптерді
алуды жөн көріп отырмыз. Әліпбидегі әріптердің орналасу тәртібі мен жұп дыбыстардың қатар
тұруын және әріптердің баспа түрі, жазбаша түрі, айтылуы міндетті түрде болуына назар аудартып,
ұсынысымызды береміз. Кейбір таңбалары ортақ әріптеріміз жазуда қатар келетіндіктен, оларды
оқып тануда қиындықтар туғызып отыр. Сондықтан «бір дыбысқа бір әріп» деген ұстаныммен
әліпбиімізді жасау қажеттілігі сөз етіледі. Сонымен бірге сауатты жазудың маңыздылығына аса
мән беруіміз керек. Кеңес дәуірі кезеңінде әліпбиімізге басы артық таңбаларды қалай енгізсе,
жазу емле­ережелерімізде де артық тұстары жеткілікті. Сондықтан кейбір емле­ережелеріміздің
дұрыс жазылуына да өз тарапымыздан ұсыныстар жасалынды.

Жарияланды

2019-05-04

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі