Әуезовтану» және уақыт өрнектері

Авторлар

  • Bisengali Z.­G. K әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

Аңдатпа

Биылғы 2018 жылғы М.О. Әуезов күндеріне орай әл­Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетiнде жазушы шығармашылығына арналған ғылыми кездесулер, дөңгелек үстелдегі
бас қосулар ұйымдастырылды.
Еліміздің басқа оқу орындарында да жазушы күндерінің құрметiне орайластырылған осындай
iс­шаралар өткiзiлуде.
Шын мәнiсiнде, жазушы ұрпақтан­ұрпаққа рухани азық болып жалғасатын дара ой даналығын
сөз маржандарымен тізген көркем шығармалар қалдырды.
Бiздiң ендiгi мiндетiмiз – сол өлшеусiз байлықты бағалай бiлу, қадiрiне жету. Осы орайда,
«Бiз Әуезовтi жеткiлiктi дәрежеде танып­бiле алдық па?», «Әуезовтану ғылымының бүгiнгi бағытбағдары, жай­күйi қандай, жетiстiктерi қаншалықты, олқы тұстары неде?» деген мәселелер әркез
оқырмандар алдында тұратыны сөзсіз.
Төмендегі мақалада осы сұрақтар төңірегіндегі өзекті ойлар қозғалады.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-05-04

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану