Шәкәрім шығармаларындағы ислами ұғым-түсініктер
Аңдатпа
Мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы діни ұғымдар мен атаулардың
сипатын ашып, олардың мағыналық түсініктері анықталады. Мақалада шығармалардағы ислами
ұғымтүсініктерімен қатар фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктері мен өзгешеліктері
айқындалады. Сондайақ, XX ғасырдың басындағы қазақ әдеби тілінің жазба дәстүрде орнығуы
мен қалыптасуына Шәкәрім Құдайбердіұлының қосқан шығармашылық үлесі түсіндіріледі.
Мақалада Ш. Құдайбердіұлы шығармаларындағы діни ұғымдардың терминдік сипаты көрініп,
жалпыхалықтық діни атаулар және әдеби тілде сирек ұшырасатын діни атаулар негізінде
салыстырмалы түрде ашылады. Жалпы тіліміздегі сөздердің тұтас жиынтығы тілдің сөздік құрамы
екені белгілі. Яғни жалпыхалыққа белгілі әрі түсінікті діни ұғымдар сөздік құрамдағы сөздердің
қолдану жиілігіне қарай актив және пассив сөздер деп бөлуге болады. Актив сөздердің белгілі
бір тілде сөйлейтін адамдар тек түсініп қана қоймай, өзінің сөйлеген сөзінде жиі қолданылатын
сөздер, ал пассив сөздер түсінікті болғанымен, тілде онша қолданыла бермейтін сөздер екені
ашық айқындалады








