Б. Нұржекеевтің «Әй, дүние-ай!» романындағы «Мәңгілік ел» көркем концептінің репрезентациясы
Аңдатпа
Мақалада жазушы Б. Нұржекеевтің «Әй, дүниеай!» романындағы «Мәңгілік ел» концептінің
көркем репрезентациясы алғаш рет қарастырылды. Сондайақ, қазақ халқының танымында
ерекше орын алатын көркем туындыдағы «Мәңгілік ел» концептін іздестірудің метааспектілері
көрсетілді. Роман дискурсына концептуалды зерттеу жасау барысында «Мәңгілік ел» концептін
көрсететін түрлі санаттағы авторлық көркем құрылымдар мен эстетикалық толғамдарды мәтін
контексінің терең қыртысқабаттарынан ғана айқындауға болатындығы анықталды. Аталған
туындыдағы «Мәңгілік ел» концептін түсіндіруге көмектесетін көркем құрылымдар «қазақ»,
«орыс», «білім», «бірлік» макроконцептілері өрісінде шоғырланғандығы айқындалды. Сондайақ,
осы концептінің фрейм, скрипт, сценарий, ойсурет сынды концептілік құрылымдары көрсетілді.
Бұдан басқа, өлімнен қашу мотиві образын ашатын индивидуалды субъективті ойпікірлер мен
толғамдарды «Мәңгілік ел» концептімен түйіндеуге болады








