Е. Қандековтің «Шаян батыр» жыры: тарихилық және эпикалық дәстүр
Аңдатпа
Мақалада жетісулық ақын Есдәулет Қандековтің «Шаян батыр» жыры қарастырылады.
Авторлық ауыз әдебиетіне жататын «Шаян батыр» жыры бұрынсонды әдебиеттанушы
ғалымдардың назарына көп іліге қоймаған. Сұраншы батырдың жанында жорық жолдасы болған
Шаян батыр қоқан, орыстарға қарсы жорықтарға қатысқан. Зерттеудің жаңалығы мақаладағы
жыр оқиғаларының тарихпен байланыстылығы боп табылады. «Шаян батыр» жырының қолжазба
нұсқасы зерттеу материалы ретінде қарастырылды. Сонымен қатар мақалада бұл жыр «Алпамыс»,
«Қобыланды батыр» жырларымен салыстырылып, эпикалық дәстүрдің жалғасы ретінде танылады.
Мақалада талданатын батыр образы, жырдағы ісәрекеттер мен оқиғалар әдебиетшілер мен
тарихшылардың болашақта тереңірек зерттеуіне алғышарт деп санауға болады.








