Көктүріктердің әдеби мұрасы және түркі тілді мифологиямен үндестігі

Авторлар

  • Maulenov А.А, Bayazitov B.B әл­Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

Аңдатпа

Кез келген ұлттың өзіндік ойлау жүйесі, дүниені қабылдаудағы бейнелеу тәсілдері болады. Ол
сан мыңдаған жылдар бойы ұрпақтар санасына сіңіп, әдет­ғұрып, сенім­наным жоралғыларымен
мидай араласып кеткенімен, онда сол ұлттың әлемінің ерекшелігін толықтай тануға, сыртқы
дүниемен байланыс әрекетін барынша ашық көрсетуге алып келетін ұлт мәдениетінің негізін
құрайтын ұлттық дүниетанымы мен құндылықтар дүниесі өрнектеледі. Қазақ халқының да
қойнауы сонау есте жоқ ерте замандарға кететін тарихына байланысты әдеби құндылықтары
мен фольклор туындыларының жақұттары мифологиялық бастау көздерден тұрады. Сөз өнері
фольклор мен әдебиеті бір жағы біріктіреді, екінші жағы әрқайсының өзіне тән ерекшеліктерін
де туындататынын есте ұстағанымыз жөн. Солай десек те, екеуінің де мазмұндық құрылымы
бабаларымыздың өмір­тіршілігіндегі мақсаттарға, идеялық­эстетикалық талғамдарына орай
қалыптасты. Мифтік­діни дүниетанымдар көк түркілер әдеби жәдігерлерінде адамның
табиғатпен, ғарышпен арақатынастарының бастаулары, негіздері туралы түсініктерінің
басты арқаулары болып саналады. Міне, осы түсініктер біз сөз қозғағалы отырған дәуірдің
туындыларының бойындағы аспан денелері, жануарлар, еңбек, тұрмыстық пайдалану
құралдарының құдіреттілікпен кіндіктестігі оның сюжеттері мен фабулаларында ұшырасатын
ғажайыптық көріністеріне терең мән беріледі. Осы көріністерді түркілік дүниетаным, сенім
үдерістерін үстемелеу, әсірелеу, көркемдеу, психологиялық күй­сезімді туындату, өрбіту,
нығайту құралдары есебінде қарастырамыз

Жүктеулер

Жарияланды

2019-05-24

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану