Дж. Ирвинг «Молитва об Оуэне Мини» романындағы «Балалық шақ» концептісінің репрезентация ерекшеліктері
Аңдатпа
Мақалада Джон Ирвингтің «Оуэн Мини жайлы дұға» («Молитва об Оуэне Мини») романындағы балалық шақ концептісінің жүзеге асу ерекшелігі көрсетіледі. Концепт компоненттері мен оның
негізгі белгілері (жас, уақытша сипаттамасы, жайкүйі) қарастырылады. Балалық шақ тақырыбы
романында маңызды болып табылады. Ол кейіпкердің тағдыры, оның эстетикалық көзқарастар,
идеалдар мен құндылықтар арқылы анықталады. Бас кейіпкердің өмірінде кездесетін оқиғаларды
сипаттау процесінде жазушының пайдаланған лингвистикалық құралдарына көп көңіл бөлінеді.
Мақалада балалық шақ концептісі ауыстыру, теңеу, айқындау, меңзеу, перифраз сияқты әдеби
әдістер арқылы жүзеге асырылады. Олар басты кейіпкердің ішкі әлемін, оның айналасындағы
шындыққа деген көзқарасын көрсетеді. Мақалада Джон Ирвингтің романында балалық шақ
концептісі төрт аспектілерде көрсетілуі нақты мысалдар негізінде дәлелденеді.








