Қытайдағы қазақтардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері

Авторлар

  • Smagulova G.N, Aitollakyzy N. 1әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.,

DOI:

10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph23

Аңдатпа

Мақалада Қытай қазақтарының сөйлеу тілінен алынған материалдары бойынша ерекшеліктер сөз етіледі. Олардың ауызекі сөйлеу тілінде сақталып, әдеби тілде көп кездесе бермейтін сан алуан фонетикалық, грамматикалық құбылыстар, кездейсоқ пайда болмайтындығы талданады. Мұндай құбылыс өзгешелік тарихи жағдайға, көршілес отырған халықтардың тілдік ықпалына, айналысатын кәсібіне, шаруашылығына байланысты қалыптасқан. Қытайдағы қазақтардың тіліне екі түрлі фактор әсер еткені байқалады. Оның бірі – сыртқы фактор, яғни ғасырлар бойы қоян-қолтық аралас өмір сүріп отырған қытай, ұйғыр, азды-көпті моңғол тілдерінің игі әсері болса, екіншісі – жалпы халықтық тілді негіз ете отырып, тілдің ішкі даму заңдылығы бойынша дамуы. Диаспора тіліне екі тілдік (билингвизм) сипат тән, себебі, өздері мекендеген ел, орта тілін еркін меңгеру мен өз ана тілінде сөйлеу, әлеуметтік фактор ретінде саналады. Мақалада диаспора қазақтары тілінің ерекшеліктері бойынша жиналған фонетикалық, грамматикалық, лексикалық деректер қазақ тілінің әдеби тілмен салыстыра талданады.

Жарияланды

2019-06-07

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі