Эпонимдердің қазіргі өзекті лингвистикалық мәселелері

Авторлар

  • Taubayev Zh.T. , әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph25

Аңдатпа

Берілген мақалада арнайы-кәсіби мәтіннің нысаны болып саналатын, бойына когнитивтітарихи ақпаратты жинақтаған ономастикалық тілдік бірлік болып саналатын эпонимнің қазіргі лингвистикалық мәселелерін қарастырады. Автор эпонимді зерттеген ғалымдардың анықтамаларын талдай отыра, эпонимдердің ғылым салаларындағы зерттелуі деңгейін анықтауға тырысады. Эпонимдердің бірнеше тілдік мәселелері анықталады: а) бірнеше зерттеушінің болуы және эпонимдерді номинативті нақты анықтаудағы қиындығы; ә) эпонимдердің бас әріппен не кіші әріппен жазылу мәселесі; эпоним мен деонимнің бір ұғым ретінде қарастырылу мәселесі; б) бірнеше бір-біріне қатысы жоқ әртүрлі зерттеушілердің бір ұғымда қолданылу мәселесі; в) әр тілден енген халықаралық эпонимдердің өзге мемлекеттерде дұрыс оқылмауы; г) бір ұғымды білдіретін эпонимнің әртүрлі мемлекеттерде әртүрлі жазылуы және қолданылуы және тағы басқа өзекті тілдік мәселелері анықталды. Автор мақаланың соңында эпонимдерді зерттеу барысында эпонимдер транскрипция арқылы берілсе деген ұсыныс білдіреді. Болашақта шығарылатын сөздіктерде анықтамалармен қатар эпонимдердің транскрипциялары берілсе аса күрделі, көп сөзді эпонимдерді қатесіз оқу мүмкіндіктері туындар еді. Сонымен қатар, автор эпонимдердің тілдік мәселелерінің анықталуы оның өзекті екенін және болашақта тіл білімі, филология саласында перспективасы жоғары зерттеу салаларының бірі екенін атап көрсетеді.

Жарияланды

2019-06-07

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі