Шешендік дискурстың функционалды ерекшелігі

Авторлар

  • Tymbolova A.O, Gulsevin G., Yelshibaeva K.Z 1әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

DOI:

10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph26

Аңдатпа

Тіл қызметі – басқа қызмет түрлеріне сіңіскен мәтін қызметі. Мәтін – қарым-қатынастың негізгі бірлігі. Адамдар жекелеген сөздермен, сөйлемдермен емес, мәтіндермен қарым-қатынас жасайды. «Мәтін» ұғымы ертеден болғанымен, терминологиялық ұғымда бертінде қолданыла бастады.
Мәтінмен қатар дискурс ұғымының қатар жүретіні де заңды. Лингвистикадағы мәтін және дискурс жайы кең көлемде зерттеліп келе жатқан, әлі де әр қырларынан зерттеуді қажет ететін ауқымды мәселе. Дискурс – тілдегі тіл. Дискурс көп мағыналы термин, лингвистикалық, психологиялық, тарихи зерттеулерде де қолданылып келеді. Дискурс – адамдардың сөйлеу арқылы жасаған қарым-қатынасынан кейін ғана мағынасы болады, яғни мағынасы мен бірлігін, сөз бен ойдың бірлігін айқындайды. Сөйлеу арқылы ғана дискурстың дамуы өрбіп, түрлері ерекшеленеді. Бұларды толық немесе аяқталған деп айтуға болмайды. Қазіргі кезде ғылыми сипат алған дискурстың бірнеше түрлері бар. Солардың бірі – шешендік дискурс.
Шешендік сөздер табиғаты айырықша феномен болғандықтан, мәтін ретінде лингвистикалық талдауға негіз болады. Мақалада шешендік дискурстың жұмсалымдық қызметіне назар аударылып, негізгі ерекшеліктері көрсетіледі.

Жарияланды

2019-06-07

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі