Қазіргі орыс тіліндегі кірме сөздері: орны, келешегі

Авторлар

  • Chalimbaeva A.D, Tumanova A.B әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.,

DOI:

10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph27

Аңдатпа

Бұл мақалада кірме сөздердің орыс тіліндегі орны және олардың сипаттамасы туралы мағлұматтары беріледі. Олардың көпшілік бөлігі славяндық шіркеу тілінен бөлек, басқа да әр түрлі шет тілдерінен енген: латын, түрік, поляк, грек, неміс, француз, голланд, ағылшын және т.б. Кірме сөздердің тілге ену процесінің әсіресе белсенді болған уақыты қоғамдағы революциялық өзгерістер кезеңі болып табылады. Материалдарды талдау нәтижесінде, кірме сөздердің енуі, орыс тілі мен шет тілдері арасындағы қарым-қатынастың нәтижесінде жүзеге асатыны анықталады. Олардың себептері экстралингвистикалық және интралингвистикалық немесе ішкі және сыртқы себептер болып екіге бөліп қарастырылады. Кірме сөздердің белсенді себептерінің бірі – бұқаралық ақпарат құралдарының және жастар дискурсындағы шет тілінің лексикасын көптеп пайдаланудағы сәннің әсері. Мақалада көрсетілген кірме сөздердің бейімделуі бірнеше сатылардан тұрады. Авторлар кірме сөздерді орыс тілінің ерекше бір компоненті ретінде және де олардың қазіргі таңда қаншалықты зерттелген жағдайын қысқаша баяндап береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-07

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі