ХХ ғасырдың көркем прозасындағы тұлғалық концепцияның моральдық-дидактикалық құндылығы
DOI:
10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph9Аңдатпа
Мақалада «Шыңғысханның ақ бұлты» повесінің материалындағы тұлғалық көркемдік концепция мәселелері контексіндегі Ш.Т. Айтматов шығармашылығы қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі қазіргі көрнекті жазушылардың көркемдік мұрасын мұқият зерделеу қажеттілігіне байланысты, отандық әдеби ойды дамыту логикасын толықтырады. Талдау қазақ авторларының шығармашылығына, атап айтқанда, Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры», Марал Сқақбаевтың «Ақсақ Темірдің жыршысы» шығармаларына жүргізіледі. Таңдалған романдар Ш. Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романымен бір мезгілде құрылған және тақырыбы жағынан жақын, «Шыңғысханның ақ бұлты» повесінің ажырамас бөлігі іспеттес. Салыстырмалы талдау нәтижесінде Ш. Айтматов шығармасындағы Шыңғысхан, қазақ авторларының романдарындағы Темірлан тұлғалық көркемдік концепция контексіндегі жаулап алушының көркемдік образы ретінде қарастырылады.








