Р. Сейсенбаевтың «Құмды кезген өліктер» романындағы экологиялық дискурстың көркем динамикасы

Авторлар

  • Altybaeva K.A, Zhaksylykov A.Zh әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

DOI:

10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph1

Аңдатпа

Бұл мақалада дискурс теориясы тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының мәселесі ретінде қарастырылады. Мұнда дискурсқа мейлінше тән – парадигматикалық айтылым немесе әдебиеттегі айтылым түріндегі параметрлер сөз болады. Мақалада зерттеу үшін өзекті болып табылатын экологиялық дискурстың анықтамасын беруге ерекше назар аударылады. Экологиялық дискурстың қазіргі Қазақстан әдебиетінде, оның ішінде философиялық романда көркемдік көрініс табуы жайдан жай емес. Роллан Сейсенбаевтың «Құмды кезген өліктер» романы экология тақырыбын қозғаған философиялық романдардың ішіндегі ең көрнекісі. «Құмды кезген өліктер» романындағы экологиялық дискурстың негізгі белгілері мыналар болып табылады: романның анық көрсетілген проблематикасы, Арал теңізінің тартылуының айналасында өрбіген сюжет, Арал теңізіне қатысты қайғылы оқиғалар контексінде ашылған кейіпкерлер типологиясы, шығарманың макро- және микро-образдары, символдары мен концептілерінің поэтикасы.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-18

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану