Қытай ғаламтор әдебиетінің ерекшелігі
DOI:
10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph3Аңдатпа
Мақалада Қытайдағы ғаламтор әдебиетінің даму тарихы мен оның қазіргі қоғамдағы орны қарастырылады. Қазіргі әдебиет өзінің біртектес табиғатын жоғалтып, қағаз түріндегі және ғаламтор әдебиет форматы болып екіге бөлінді. Ғаламтор әдебиетінің зерттеушілері оның даму тарихын әмбебап электрондық кітапханалар мен әлем әдебиеті шығармаларының электронды формаларының пайда болуымен байланыстырады. Берілген мақалада ғаламтор шығармаларының жетістіктері мен кемшіл тұстары, сонымен қатар бұл әдебиет бағытының негізгі мәселелері ашып көрсетілді. Екі әйгілі қытай сайтының негізінде қазіргі Қытайдағы ең көп оқылатын ғаламтордағы шығармаларды анықтап, фантастика, фэнтези және романтика жанрларына жастардың арасында сұранысқа ие болу себебін айқындадық. Бүгінде «ғаламтор әдебиеті» бөлек бір тарихи кезең болып қарастырылады: ол ешқандайда маңызды көркем шығармалар тудырмады, жаңа бір жанр енгізбеді, дегенмен ол қазіргі әдебиеттің дамуына түрткі болды. Қазіргі таңда ғаламтор әдебиеті заманауи әдебиет үдерісінің қалыптасуындағы маңызды фактор болып табылады.








