А.К. Толстойдың шығармаларындағы көркемдік әдіс стилистикасы

Авторлар

  • Zholdasbekova B.U, Zhapparkulova K.N, Alexandrova O.I әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

DOI:

10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph4

Аңдатпа

Бұл мақалада А.К. Толстойдың көркемдік нарративіндегі стилистикалық ерекшеліктер қарастырылады. Жазушы әдеби шығармаларында стилистикалық бояу мен грамматикалық пішінге аса мән береді. Анафора, тавтологиялық қайталаулар, эпитеттер мен метафоралар сынды көркемдеуіш құралдар арқылы жазушы шығармаларындағы тарихи кезеңдерді анық, дәл бере білген. А.К. Толстойдың шығармашылық әлемінде теңеу поэтикалық көркемдеуішқұралдар жүйесінде үлкен рөл атқарады. Теңеу арқылы жазушы кейіпкерлерінің ішкі жандүниесін жан-жақты көрсеткен, сюжеттің даму барысында олардың қарым-қатынасын, сонымен қатар оқырманға халықтың ой-сана мен ұлттық бояудың идеялық және этикалық ерекшеліктерін көрсете білген.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-18

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану