Функционалдық оқытуды кәсіби орыс тілін оқыту тәжірибесінде қолдану
DOI:
10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph33Аңдатпа
Мақалада кәсіби орыс тілін оқыту барысында функционалдық оқыту дағдысын қалыптастырудың кейбір аспектілері қарастырылған, сондай-ақ «функционалдық сауаттылық» және «функционалдық оқыту» ұғымының мазмұны айқындалған. Ақпараттық технология дамуына байланысты заманауи әлемдегі сауаттылық мағынасының кеңейіп, өзгеруіне негізделген «оқу» тұжырымдамасының трансформациясы көрсетілген. Орыс тілі ана тілі болып табылмайтын студенттерге сауатты оқуға үйретудің мамандандырылған ерекшеліктеріне ерекше назар аударылған. Функционалдық оқытуды сыни ойлаумен байланыстырған зерттеушілердің жұмыстары сарапталып, сауатты оқуға жетелейтін мақсаттар мен стратегиялар анықталған. Мақалада «тұтас» және «тұтас емес» мәтіндер туралы түсініктеме берілген. Белсенді оқу әдістемесі негізінде оқу деңгейін ескере отырып құрастырылған жаттығулардың мысалдары келтірілген. Студенттердің мәтіндік материалдарды қайта қарастыру нәтижелерінің жұмысы ұсынылған.








