Қазақ тілін оқытудағы модернизациялаудың алғы шарттары
DOI:
10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph29Аңдатпа
Мақала қазақ тілін оқытудағы жаңғыру мен жаңаруға арналған. Білім беру саласындағы
инновациялық технологиялардың сабақ қарқынын жеделдетуге және студенттің өздігінен
оқуға үйрететін негізгі ерекшеліктері қарастырылады. Жоғары оқу орындарындағы қазақ тілі
мамандарынан, студенттерден алынған сауалнама қорытындысындағы кейбір нәтижелердің
болашақта қазақ тілінің кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналатындығына септігін
тигізетіндігі, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жұмыстары, әрі жоғары оқу орындарында
қазақ тілінде бірнеше шаралар жүргізіп, тілдің практикалық қолданысына мүмкіншілік туғызуы
туралы сөз болады








