Виртуалды музейлік медиатека ақпараттық ресурс ретінде
DOI:
10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph34Аңдатпа
Мақалада білім беру саласындағы жаңаша үрдістер ақпаратпен жұмыс істеудің жаңа
тәсілдері қарастырылады. Егер бұрын білім алушылармен ұстаздарға білімнің негізгі көзі ретінде
кітапхана мен әдістеме кабинеті жеткілікті болса, қазіргі заман әр-түрлі медиалық дидактикалық
құжаттарды сақтау, өңдеу және көрсету жүйесін қажет етеді. Біздің ойымызша осындай жүйе
ретінде мұражайдың негізінде жасақталған, бірегей контентімен жабдықталған, тұтынушыға
энциклопедиалық нақты және дәл ақпарат бере алтын виртуалды медиатека бола алады.








