Шет тілді білім беруде проект технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері
DOI:
10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph31Аңдатпа
Мақалада өзге тілді білім беру үшін проект технологиялар арқылы шешілетін және қол
жеткізілетін дидактикалық мақсаттар мен дидактикалық нәтижелері; проектінің прагматикалық
бағыты; проектінің типологиясы, атап айтқанда пәндік-мазмұнды саласы, үйлестіру сипаты, байланыс сипаты, қатысушылар саны, проектінің орындалу ұзақтығы; ақпараттық-іздестіру,
зерттеу, креативті, аналитикалық-болжамды проектінің жұмыс процесінде қалыптасатын
компетенциялар қарастырылады; коммуникативтік, проблемалық, интегративтілік, контекстілік,
кооперативтік және креативтілік сияқты ерекшеліктер; және мотивациялық, ақпараттық,
басқарушылық, жобалық және диагностикалық сияқты проект технологиялардың функциялары
қарастырылады.








