Аналитикалық оқытудың әдістері мен тәсілдері
DOI:
10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph38Аңдатпа
Мақалада И. Щеголихин шығармаларын ЖОО-да аналитикалық оқытудың стратегиясы
қарастырылады. Авторлардың пікірінше, аналитикалық оқу эвристикалық сұрақтарға және
И. Шеголихин шығармашылығын зерттеуге арналған тапсырмаларға негізделуі керек. Әдеби
шығармаларды оқып-үйрену барысында оқуды және ойлауды тереңдету үшін ойлау үрдісін
ұйымдастырудың арнайы формаларын пайдалану ұсынылады: студенттердің ақыл-ой карталарын
құрастыруы және «миға шабуыл» әдісі (брейнсторминг). «Миға шабуыл» әдісі топпен жұмыс
кезінде жаңа идеялармен бөлісуге және топпен жұмыс барысында тез шешім шығаруға арналған.
Көркем мәтіндерді аналитикалық оқыту студенттерге автормен бірлесіп, шығармашылық жұмыс
жасағандай күйді сезінуге мүмкіндік береді.








