Гянджи қаласының Әзірбайжанның әдеби және қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды орны
DOI:
10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph5Аңдатпа
Мақалада Әзірбайжанның ежелгі қалаларының бірі – Гянджи қаласының қоғамдық-саяси
маңыздылығы баяндалады. Осы мақсатта автор мемлекетті дамытудың әр түрлі кезеңдеріндегі
батыл тұрғындардың еркіндік сүйгіш рухын көрсететін оқиғаларды қозғайды.
Қазіргі әдебиеттануда әзірбайжан поэзиясындағы Гянджи тақырыбы өзекті болып отыр.
Гянджа халқымыздың санасында мәдени және ғылыми орталық ретінде, Отан бостандығының,
Тәуелсіз және бейбіт болашақ бесігі символына айналған. Ұлттық сана-сезімнің өсуі, қазіргі
әдебиеттанудағы оның егеменді құқықтарының орнығуы кезінде Гянджи тақырыбына
қызығушылық артты. Мақалада алғаш рет жаһандық аренаға шығатын жаңа ғылыми зерттеулерді
жалғастырудың маңыздылығы атап өтіледі.
Ортағасырлық деректер негізінде мақалада қаланың даңқты тарихы зерттеледі. Көптеген
тарихи тұтқиылдан тиген шабуылдарға қарамастан, Гянджа барлық қиындықтарды жеңіп,
бастапқы қалпына келіп отырды. Тұрғылықты халқының жанқиярлық еңбегі арқасында қайта
гүлденді. Растау үшін автор осы мақалада бірқатар тарихи оқиғалардан мысал келтіреді.
Сонымен қатар, мақалада Гянджамен қатар халықтың қоғамдық және мәдени өмірінде үлкен
рөл атқарған, саяси символдары болған басқа да қалалардың (Тебриз, Баку, Ардебил, Марага,
Барда) аттары мен мәліметтері беріледі. Әзірбайжанның күрескер қалалары туралы айтқанда,
белгілі ақындардың поэтикалық шығармаларының үлгілері де келтіріледі.








