Г. Бельгер «Тұйық су» романының көркемдік ерекшелігі

Авторлар

  • Temirbolat A.B ., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

DOI:

10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph11

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның белгілі жазушысы Г. Бельгердің шығармашылығы қарастырылады.
Қаламгердің көркемдік әлемі мен авторлық концепциясының ерекшеліктері ашылады. Мақалада
Г. Бельгердің шығармашылық шеберлігі және ақиқат шындықты бейнеленудегі өзіндік тәсілдері
зерделенеді. Авторлар жазушының «Тұйық су» романын зерттеудің негізгі нысаны ретінде
алады. Мақалада бұл шығарманың проблематикасы мен сюжеті талданады. Романда отан
тақырыбы басты тақырып екені дәлелденеді. Шығарманы талдау негізінде бұл мәселе баяндау
құрылымын безендіргені анықталады. Отан тақырыбы саяхат және кейіпкердің өз-өзін іздеу,
табу тақырыбымен тығыз байланысатыны дәлелденеді. Зерттеу барысында романның баяндау
жүйесі қарастырылады. Мақалада шығарманың полифонизмі мен драматизмі анықталады.
Авторлар роман құрылымының қағидаларын ашады. Мақалада қаламгердің көзқарасы мен
шығармашылығына үш ұлттық мәдениеттің әсері зерделенеді және шығарманың тіл ерекшеліктері
қарастырылады.

Жарияланды

2019-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану