«Жетімдік» ертегілердің бастапқы мотивтерінің бірі ретінде және оның мифологиялық семантикасы
DOI:
10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph13Аңдатпа
Таңғажайып ертегі бедеулік, соқырлық, қарттық және т. б. мотивтермен басталуы мүмкін.
Ауыз әдебиетіндегі ертегілерде көп таралған мотивтердің бірі кейіпкердің ата-анасы болмайды
немесе оның кәрі әжесі ғана бар. Бұл кейіпкер әдетте төмен әлеуметтік топтан болады, үнемі
айналасындағылардың ашуын тудырып жүреді. Осы арқылы ертегіде коллизия пайда болады,
кейіпкер халықтың арманындағы батырға айналады және оның бақытты тағдыры халық қиялынан
көрініс береді.
Кейбір ертегілердегі жетім – кейіпкер тазша болып та келеді. Сондай-ақ, тазша туралы
көптеген ертегілерде – жетім. Бұл жалқау кейіпкер кенеттен ерлік көрсетеді немесе
сиқырлы күштің көмегімен өз мақсаттарына жетеді. Соңғы жылдары әлемдік әдебиет пен
кинематографияда ең танымал таз-тұлға – Волан-де-Морт. Ол Гарри Поттер туралы романдар
циклындағы негізгі антагонистік кейіпкер. Гарри Поттер мен Волан-де-Морт – жетімдер және
жыланмен байланыстары бар. Екі атрибутқа ие кейіпкер (жетімдік және тазша) – ғарыштық
білімге ие, бастамадан өткен кейіпкер.








